Кіру
AA+

Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Ұстаз һәм мұғалім туралы олардың алдынан өткен тұғырлы тұлғалардың түйдекті ой қалдырғандары көп. Соның ішінде тіл ғылымының атасы, атақты ұстаз Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» деген екен. Ең алдымен, педагог – қай кезде де кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі. Осындай мақсатпен мектебімізде жылдық жоспарға сәйкес «Үздік педагог-2023» байқауы ұйымдастырылды. Ұйымдастырып өткізуші директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Калиева К.И. Байқау барысында әр педагог өзінің ерекшелігі мен жан-жақтылығын көрсетіп, сынға түсті. Байқау барысында педагогтер өздерін креативті түрде таныстырып, өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар жыл бойы жинақталған мұғалім портфолиосын қорғады. Барлық талапқа сай бағаланған ұстаздар төмендегідей нәтижені көрсетті.

БАС ЖҮЛДЕ :

Бастауыш сынып мұғалімі- Шамуратова Бибігүл Ивановна

20 000 ақшалай сертификат

1 ОРЫН:

Бастауыш сынып мұғалімі-  Кемалова Орнай Тлеуқызы

10 000 ақшалай сертификат

2ОРЫН:

Бастауыш сынып мұғалімі -Кошкарова Жанаргуль Отесиновна

7 000 ақшалай сертификат

3 ОРЫН:

Информатика пәні мұғалімі- Кенжебаева Земфира Жандаулетовна

5 000 ақшалай сертификат

3ОРЫН:

Бастауыш сынып мұғалімі- Ермаханова Жанат Токмырзақызы

5 000 ақшалай сертификат

 Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!