Кіру
AA+

75 ЖББОМ-де 2025-2026 оқу жылына арналған мектеп формасы

«МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР» туралы толық мағлұмат:
2025-2026 оқу жылында  1-11-сынып оқушыларының мектеп формасы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 534 бұйрығының негізінде мектеп оқытудың зайырлы сипатына сәйкес:
1)Ұлдардың формасы: қара-көк түсті (темно-синий) пиджак, жилет, шалбар, күнделікті ақ жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет;
2) Қыздардың мектеп формасы:  қара көк түсті (темно—синий) сарафан,  қара-көк түсті  белдемше (юбка, ұзындығы тізеден төмен болу керек), классикалық ақ жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет).
3) Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық қара шалбар, ақ  футболка), спорттық аяқ киімнен (кроссовки, кеды, табаны ақ түсті) тұрады.
4)Мектеп формасына түрлі діни аксессуарлар, джинсы, слакси шалбарлар, тениска, футболка, қысқа, тор, кожа юбкалар сияқты қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.
@aqtobe_bilim_bolimi
@aqtobe_bilim_basqarmasy